Интернет-издание о бизнесе, стартапах и IT-технологиях

Популярные теги:
Главная страница / Қазақстанның 100 стартап тарихы / Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 

Бүгінде тапсырма жоспарлауды, тауарды есепке алуды, тіпті күрделі CRM және тұтынушыларға қызмет көрсетуге дейін бизнес қолданбаларды пайдаланбайтын заманауи компанияны елестету мүмкін емес. Оған қоса көп ұйым өз кәсібіне бейімделген қолданбасын өзі жасайды. Бағдарламалы жасақтаманы әзірлеу – білікті мамандарды табуды, көп еңбекті қажет ететін және айтарлықтай қымбат процесс. Дегенмен қазір шығынды азайтатын және бизнес қолданба жасау процесін жылдамдататын тиімдірек құралдар бар.

Қазақстандық Axellero.io стартабы графикалық құралдар мен кіріккен ЖИ көмегін пайдаланып, бағдарламалы жасақтаманы жылдам жобалауға және іске қосуға мүмкіндік жасайтын ЖИ көмегі бар аттас Low-code платформасын әзірлеп жатыр. Axellero.io платформасында тіпті техникалық білімі жоқ қызметкерлер де уақыт пен ресурсын үнемдеп, толыққанды IT шешім шығара алады.


Axellero.io негізін қалаушы және CEO Руслан Күркебай, тең құрылтайшы және CEO Азат Нұғысбаев және техникалық директор Тимур Тәжібаев Er10.Media-ға әлемдік нарыққа шығу туралы амбицияға толы жоспарын, алпауыт компания болуға ұмтылу және Low-code құралдардың мүмкіндіктері мен перспективасы туралы айтып берді.

Қазақстандық стартаптар қозғалысы қалай дамып жатқанын «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасынан бақылаңыз. Бұл – Er10 Media редакциясы мен Astana Hub-тың бірлескен жобасы. Біз еліміздегі стартаптардың жетістігін айтып, ең қызық жобаларды көрсетеміз. Кейіпкерлер арасында Astana Hub мүшелері, басқа инновациялық және технологиялық өнімдер мен қызметтер бар. Барлық материал үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 


Тезірек, оңайырақ, арзанырақ

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 

 – Айтыңызшы, Axellero.io платформасының мәні неде? 

Руслан: Axellero.io — ІТ шешімдер жасауды айтарлықтай жеңілдететін, кіріккен ЖИ көмекшісі бар Low-code платформа. Платформа арқылы дерекқор құрылымын, сервер қызметтерін және веб қолданба түріндегі интерфейстерді тез жобалауға болады. Интуитивті графикалық интерфейсі бар Axellero.io толық жұмыс істейтін жүйелерді әзірлеуге мүмкіндік жасайды және қолмен кодтауды азайтады. 

Платформаның басты артықшылығы — интеграцияланған ЖИ көмегі. Ол қолданба жасауды тіпті техникалық білімі жоқ қызметкерлерге де оңай етеді. Бұл білікті мамандар қажеттігін азайтады. Өз кезегінде бизнесті дамыту, орналастыру, қолдау және оқыту шығынын оңтайландыруға көмектеседі. Axellero.io бизнес қолданбаларды іске асыру уақытын айтарлықтай қысқартып, цифрландыру процесін қолжетімді, жылдамырақ және үнемді етеді.

Aзат: Axellero.io – әзірлеуге арналған құралдар мен компоненттердің «конструкторы». Ол клиенттің экожүйесіне оңай бірігеді. Бір жағынан бұл жаңа бағдарламалау тілі, тек көрнекі әрекеттесуінің арқасында бұны түсіну оңайырақ. Бағдарламауды білмейтін пайдаланушы қарапайым компоненттерден толыққанды бір бағдарлама құрастыра алады.

Тимур: Бүгінде нарықта құрылыс немесе көлік сияқты тар сегменттерге бағытталған SaaS шешімдері бар. Олардың басты артықшылығы – жоғары специализация. Алайда Low-code технологиясы мен жасанды интеллект пайда болған кезде, біз сияқты платформалар тікелей SaaS шешімі қолжетімді және әмбебап балама ұсынып отыр.

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 


Axellero.io көмегімен түрлі SaaS шешімдеріне айына 20 000 доллар (батыстағы компанияның орташа бюджеті) жұмсаудың орнына, біздің платформаға бар болғаны 5 000 доллармен жазыла аласыз және өнімді өз бетінше әзірлеуге, теңшеуге және қажетіңізге бейімдей аласыз. Мысалы, бұрын көлік орталығыңызға ақпарат жүйесін қосу керек болғанда тапсырмалардың әр түріне арнайы шешімдер мен бірнеше бағдарлама сатып алатын едіңіз. Немесе айтарлықтай сомаға бір бағдарламашылар тобын жалдауға тура келетін. Бүгінде Low-code және ЖИ бұл мәселені сапа мен функционалдылықты бұзбай, әлдеқайда жылдам, оңай және үнемді шешіп береді.


– Сіз қалай стартапшы болдыңыз? 

Руслан: Стартаптың пайда болғанына үш жыл толды. Команданың негізгі мүшелерінің IT саласында 12 жылдан 20 жылға дейін үлкен тәжірибесі бар. Негізінен біз әртүрлі IT және қаржы компанияларынан шыққанбыз. Бірақ кейінгі 8 жылда IT-аутсорсингпен айналыстық. Түрлі клиенттен тапсырыс алып, шешімін әзірледік. Содан кейін 3 жыл бойы әзірлеп келе жатқан өз платформамызды құрайық деген шешімге келдік.

Жалпыға ортақ мәселе 

– Стартаптың идеясы қалай туды? Осы саладағы мәселені түсіне алдыңыз ба? 

Руслан: Жоғарыда айтқанымдай, бәріміз IT аутсорсингте жұмыс істедік. Жұмыс барысында Egov Mobile және маңызды банк жүйелерін қоса алғанда, клиенттерге арналған 100-ден астам бағдарламалы өнім жасадық. Ол жобаларды 20-40 адамға дейін бірігіп жасаған едік. 

Тәжірибе жинаған сайын біз әр жобада ұқсас жұмыстарды орындау арқылы ақпарат жүйесін нөлден бастап құрастыратынымызды байқадық. Содан бүкіл стандартты компоненттері дайын әрі біріктірілген бір платформа болса, жақсы болар еді деп ойлай бастадық. Сонда бізге бәрін біріктіру ғана қалатын еді. Өзіміздің осы идеямыздан шабыттанып, шағын командамен осындай платформаны әзірлеуге кірістік. Кейін бір стартаппен толықтай айналысуға дайын екенімізді түсіндік. Дәл сол кезде IT-аутсорсинг компанияның үлесін сатып, қаржысын стартапқа салдық.

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 

– Axellero.io-ның жеке клиент базасы бар ма?

Руслан: Бүгінде біз Halyk Bank, ERG, Kcell, Bank CenterCredit және басқа да көп ірі қазақстандық клиенттермен жұмыс істей бастадық.

Сонымен қатар басқа да клиенттермен жұмыс істей бастадық. Оларға Axellero.io қызметін жедел автоматтандыру және мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесін дамыту платформасы ретінде ұсынамыз. Axellero.io платформасын пайдаланса, мемлекеттік қызметті автоматтандыруға кететін уақытты айтарлықтай қысқартуға болады. Бұрын дәстүрлі әдіспен бір қызметті автоматтандыруға 1-2 ай қажет болса, біздің платформада бұл процесс 1-2 аптаға қысқарады. Оған қоса платформаға барлық күрделі архитектуралық компонентті енгіздік. Сондықтан әзірлеуші ​​​​жұмыс істеуі үшін тек негізгі JavaScript-ті білсе, жеткілікті. Бұл шығынды азайтады және бағдарламалы жасақтаманы әзірлеу процесін жылдамдатады.


Қазақстан, АҚШ және бүкіл әлем 

– Әлемдік нарыққа шығуды жоспарлап отырсыз ба? 

Руслан: Біз кәсіп масштабын үлкейтудің бірінші кезеңін келесі жылға жоспарладық. Бұйырса, АҚШ нарығына шығамыз. Бастапқыда ондағы шағын саланы жаулауды жоспарлап отырмыз, бірақ уақыт өте келе түрлі саладағы процесті жылдам автоматтандыруға мүмкіндік беретін маңызды бұлт платформасына айналғымыз келеді.

– АҚШ нарығын жаулап алғаннан кейін тағы қай жақты көздеп отырсыз?

Руслан: Егер бұлт платформасы ретінде АҚШ нарығында орын ала алсақ, онда жаһандық компанияға айналамыз. Бұдан кейін локализация маңызды болмайды.

Азат: Біздің негізгі клиенттеріміз IT-компаниялар мен стартаптар екенін айта кеткен жөн. Бүгінде олар негізінен АҚШ-та шоғырланған. Демек даму бағытымыз сол жақа бағытталады.

– Бүгінде стартап қай сатыда?

Руслан: Қай сатыда екеніміз қандай нарық туралы айтып отырғанымызға байланысты. Қазақстан нарығында Product Market Fit сатысындамыз. Мұнда жаңа түзетулерге тапсырыс беретін клиенттеріміз бар. Ал Америка Құрама Штаттары туралы айтсақ, америкалық нарыққа шығу стратегиясын анықтау сатысындамыз. Ол жақта мықты бәсекелестер бар, сондықтан міндетіміз оңай емес.

Тамыздан қазанға дейін америкалық нарыққа шығуға ниетті компанияларға арналған Alchemist X-тің B2B акселераторына қатыстық. Түрлі саланың 80-нен астам сарапшысы қазылық еткен соңғы AlchemistX Pitch Battle-дан 1-орын алдық. Осы бағдарлама аясында әлеуетті кеңесшілермен ақылдасып, болашақ серіктестермен бірге сату каналдарын дамыта бастадық.

Жеңіс стратегиясы

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 

– Бәсекеге толы жарыста жеңіске қалай жетуді жоспарлап отырсыз?

Азат: Бәсекедегі бірінші артықшылығымыз – өнімнің заманауилығы. Біздің өнімнің 10–20 жыл бұрын жасалған және ескірген стандарттарға негізделген бәсекелес шешімдерден айырмашылығы – қазіргі технология мен талаптарға сай екені. Екіншіден, біздің платформа белсенді дамып келеді. Бұл заманауи пайдаланушының қажетін қанағаттандыруға, оны икемді түрде бейімдеуге және жақсартуға мүмкіндік жасайды.

– Америка нарығына шығу үшін стартабыңызға инвестиция қажет пе?

Руслан: Кәсібіміз Қазақстанда қазірдің өзінде қарқын ала бастады. Жергілікті нарықты көмексіз жаулап алатынымызға сенімдіміз. Дегенмен жоғары бәсекеге қабілетті АҚШ нарығына шығу үшін қомақты инвестиция қажет. Қазір сол нарыққа байланысты өршіл жоспарымызды жүзеге асыру үшін, қаржы табу үшін инвесторлармен белсенді келіссөз жасап жатырмыз.

Драйв пен жауапкершілік

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 

– Аздап сіздер туралы әңгімелессек? Жалдамалы қызметкерден кәсіпкерлікке қалай өттіңіздер?

Руслан: 2018 жыл еді. Сол жылы мен АҚШ-қа бір стартаптың мүшесі ретінде бардым. Осы сапар барысында өзімнің кәсіби және амбиция тұрғысынан шынында өскенімді түсіндім. Өз кәсібімді ашуға дайынмын деп ойладым. Содан серіктестер іздей бастадым, ақырында шағын кәсіби команда құрдық. Оған қоса жобасын да, қаржы да беруге дайын стратегиялық серіктес таптық. Бастапқыда небәрі 10 адам болса, 5 жылда 200 қызметкерге дейін өстік. Шынымды айтсам, кәсіпкер болу қызық.

Азат: Менің тәжірибем Руслан мен Тимурдікіне қарағанда аз, бірақ басқарушы қызметін еңбек жолымның басынан атқара бастадым. 1-2 жыл бағдарламашы болып жұмыс істегеннен кейін басқарушылыққа кеттім. Бірақ ол кезде бизнестің бір бөлігі болған жоқпын, компанияда үлесім болмады. Бірақ барлық процеске кірісіп кететін «бесаспап қызметкер» болдым. Бір кезде өсіп, көлеңкеден шығып, жауапкершілікті алатын кез келді деген қорытындыға келдім. Кәсіпкерлік жалдамалы қызметкер болудан айтарлықтай ерекшеленеді. Кәсіпкердің өзіне алатын жауапкершілігі өте зор. Бірақ недегенмен кәсіпкер болу өте қызық.

Тимур: Мен банктерде жұмыс істеген кезімде өнімдерін ұсынып, банк қызметіне кірістіріп жүретін адамдарды көрдім. Басқа жақта жұмыс істеу қандай болады екен деп ойлайтынмын. Оның үстіне бәрі анық және жылдар бойы өзгермеген ірі ұйымда көтерілу мүмкін емес деп түсіндім. Әзірлеуші ​​​​және сәулетші ретінде кәсіби түрде өскім келді. Корпоратив ортада мұны жүзеге асыру өте қиын. Сөйтіп 2015 жылы стартапқа көштім, онда банктің есеп жүйесін әзірледім. Кәсіптегі жолым осы кезде басталды.

Арман мен шабыт

– Стартап арқылы жүзеге асырғыңыз келетін армандарыңыз бар ма?

Руслан: Бизнесті енді бастаған кезде ойлаған арманым бар. Біз Қазақстанның білім беру жүйесі мен экономикасына тікелей әсер ететін ірі технологиялық платформалық компания құрғымыз келеді. Бір мысал келтірейін. Бағдарламашыларға арналған құралдарды дайындайтын JetBrains деген компания бар. JetBrains өнімдерін қазір дүниежүзінде миллиондаған адам пайдаланады. Осылайша, JetBrains қазір бірнеше ірі технологиялық университеттерге демеуші болу және RnD орталықтарын ұсыну тұрғысынан үлкен алаң болып отыр. Ал 10-15 жылдық даму барысында компания бүкіл саланың кәсіби өсуіне айтарлықтай әсер етті. Әртүрлі елдерде осындай мысалдар көп. Өкінішке қарай, Қазақстанда мұндай ірі технологиялық алаңдар әлі жоқ. 

Әрине, біз енді ғана дамып келе жатырмыз, бірақ бүкіл елге көмектесе алатын технология алпауытына айналғымыз келеді.


– Жұмысыңызда сізді не шабыттандырады? 

Руслан: Tesla, LinkedIn, Palantir, SpaceX, YouTube және Yelp негізін қалаушыларын біріктіретін PayPal Mafia-сының табысы – мен үшін шабыт көзі. Олар пікірлес адамдар жиналса, технология саласында керемет нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. 

Стартаптар саласына қызықсаңыз, «Super pumped: The battle for Uber» сериалын міндетті түрде көріңіз. Онда инновациялық компания қалай туып, дамитыны, оның құрылтайшысы қандай қиындықтарға тап болатыны және оны қалай жеңетіні анық көрсетілген. Бұл сериал кәсіпкерлерге нақты нұсқаулық болады. Сериалдан көп пайдалы дүниелер табасыз.

Қазақстандық Axellero.io стартабы бизнес қолданбаларды әзірлеудің болашағын қайта ойластырып жатыр 

– Мінезіңізді қандай спорт түрімен байланыстырасыз?

Руслан: Жалпы біздің команда үстел теннисін жақсы көреді. Тіпті кеңсемізде арнайы үстелі бар. Жеке қалауымды айтсам, өзім баскетболды және басқа да командалық ойындарды жақсы көремін. Супер ойыншы болмауыңыз мүмкін, бірақ командаңыз дұрыс жұмыс істесе, жеңіске жете аласыз.

Азат: Жалғыз және жұптық теннис. Бұл – әрдайым текетірес пен бәсекеге толы спорт. Жалғыз ойнай беремін және команда болып та кірісуге дайынмын. 

Тимур: Шахмат. Жағдайды бағалағанды, ойланып қадам жасап, нақты нәтижеге жету жолында парасатты әрекет еткенді ұнатамын.


– Қазақстандағы стартап қауымдастығының даму деңгейін қалай бағалайсыз? 

Руслан: Қазақстандағы стартаптардың қарқынды дамып жатқанын көріп отырмын. Қозғалыстың оң динамикасы бар. 5-10 жыл бұрын стартаптарды құру студенттер мен жас мамандардың еншісінде еді. Бүгінде тәжірибелі, орныққан мамандар да осында келіп, идеясын жүзеге асырып жатыр. Көбі Америка мен Еуропадағы нарықта да табысты. Сонымен бірге келешегі зор жобаларға инвестиция құюға дайын отандық инвесторлар да көбейді.

Поделиться статьей в соц. сетях

Share on telegram
Share on twitter
Share on facebook
Share on whatsapp

Теги статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *