Тау сүйетін үш дос Қазақстандағы тау-шаңғы курорттары келушілерді көптеп тарту үшін мүмкіндігін толық пайдалана алмай отырғанын түсінген. Курорттар бар потенциалын қолданса, ішкі және сыртқы туризмді танытуға және ел азаматтарын салауатты өмір салтына тартуға болар еді. Игорь Заболоцких (CEO), Сергей Ким (CTO) және Никита Олейник (CPO) скипасс толтыруға қатысты мәселеге тап болған соң, Resortix стартабын бастаған. Бұл — тау шаңғысы курорттарындағы клиенттердің тәжірибесін басқару жүйесі. Жүйе курортты қонақтарға мейлінше ыңғайлы әрі түсінікті етеді. Локацияға арналған Эдакий супер қолданбасы қызметтерді жылдам әрі арзан сатып алуға немесе брондауға және курортта оңай жол табуға көмектеседі. Стартап командасы біздің «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасы аясындағы сұхбатында тау-шаңғы курорттары жұмысында қандай проблемалар болатынын, Resortix қолданушылар мен қызметкерлер үшін ондай проблемаларды қалай шешетінін айтып берді.
«Қазақстанның 100 стартап тарихы» – Er10 Media редакциясы мен Astana Hub-тың бірлескен жобасы. Біз еліміздегі стартаптардың жетістігін айтып, ең қызық жобаларды көрсетеміз. Кейіпкерлер арасында Astana Hub мүшелері, басқа инновациялық және технологиялық өнімдер мен қызметтер бар. Барлық материал үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.
Қазақстандағы курорттардың мәселесін шеше алатын стартап
— Стартап бастау кімнің басына келген идея?
Сергей: Бұл өндірістік процесс болды деп айтайын.
Басында жай ғана «Шымбұлақ» жобасын жасаған едік: бірінші жылы жобаны бастап, екінші жылы оны дамыттық. Сол жылы тау шаңғысымен жұмыс процесін автоматтандыру, жеңілдету ұнайтынын ұқтық. Олай болса бұл тәжірибені неге басқа курорттарға экстраполяцияламасқа дедік. Идея жаман еместей көрінді әрі негізгі Axess қызметі де бар. Осы сервис арқылы байланысып отырамыз, мұндағы нарық көлемі де жақсы. Демек, өзіміз жасаған шешімді оның қалған ойыншыларына бөлісе аламыз. Бастапқыда жобалармен жұмыс істейміз деп ойладық, бірақ өніммен жұмыс істеп жатқан үшінші жылы PaaS шешімін жасап қана қоймай, жобаны бүкіл әлемге таралатын толық SaaS платформасына айналдыруға болатынын түсіндік. Сол кезден бастап жобаны толық бір стартап ретінде талқылай бастадық. Бір қызық жағдайды айтып берейін: Игорь Flexica деген жеке агрегаторын түсіндіре бастаған еді. Бұл – біз жұмыс істейтін тағы бір стартап. Ол сәл өзгерді де, Resortix One деп аталып кетті.
Жаһандық деңгейде және болашақта жұмыс істеген барлық курортты қамтитын агрегатор жасағымыз келеді. Онда мобайл қолданбасына немесе сайтына төлей алмайтын адамдар болады. Көңіл көтеретін қызметтер сататын көптеген агрегаторда шаңғы тебуге немесе жалпы белсенді демалысқа қатысты бірегей қызметтер жоқ. Қолданушы сақтандыру қажет екенін түсінуі керек, ал ол – бөлек қызмет. Мысалы, хайуанаттар бағына билет сататын адамға сақтандыруды ойлаудың қажеті жоқ. Бірақ парапланмен ұшуға барсаңыз, дайвинг немесе басқа нәрсеге барсаңыз, сақтандыру керек. Мұндай артықшылықтарды енгізіп, белгілі бір бағыттағы агрегатор жасап шыға аламыз. Онда түрлі-түрлі курорт пен белсенді спорт түрлері болады.
Resortix идеясы Игорьдың басына немесе менің басыма келді деп анығын айту қиын. Бұл бүкіл команда талқылағаннан кейін және біздің стартапер достарымыз «Жоба жасап қайтесіңдер? Барлық күш-қуатты қолдарыңнан келетін әрі өздерің жақсы көретін нәрсеге жұмсаңдар» деп айтқан соң идея жан-жақтан құралды. Осындай ақыл-кеңестің бәрі күшті стартап жасауға жұмсауға жеткізді. MOST Business Intelligence ұсынған Smart City арқылы дамуды жеделдеттік. Ал қазір гранттар мен бағдарламаларға өтінім беріп жатырмыз.
— Неліктен тау шаңғысы курортын таңдадыңыздар? Бастапқыда не себепті дәл «Шымбұлақ» жобасын бойынша жұмыс істедіңіздер?
Игорь: Біз сонда өзіміз шаңғы тебетін едік. Күн суықта үнемі кезекте тұрдық, скипастарды қолда бар сервистер арқылы толтыру қандай ыңғайсыз екенін көрдік. Аспалы жолмен гондолға көтеріліп бара жатқанда «Былай етсек ше?» деген әңгіме басталған еді.
Бұрынғы жүйе дамуға кедергі жасайды
— Тау шаңғысы курорттарынан қандай ауыр жағдай мен мәселені анықтадыңыздар?
Сергей: Қолданушылармен сөйлесуге қатысты проблема орасан. Адамдар Комби-1 мен Комби-2-ге жаяу жүру билетінің айырмашылығын немесе 3200-дік биікке қалай жетуге болатынын шынымен түсінбейді. Билет бағасының айырмасы айтарлықтай. Біраз адам арзан билет сатып алады да, сосын оларды 3200-дік биікке жібермейді. Содан адамдар «Мені неге алдап отсыңдар?» деп ашуланады.
Өнімнің визуализациясына қатысты үлкен проблемалар болды: олардың бәрі WordPress-те, PHP жобаларының барлық түрінде болды, біреу жобаны тіпті Tilda-да жүргізетін. Олар уақтылы өсе алмады, түрлі бетті жасауға болатын бірыңғай экожүйесі болмады. Ақырында мұндай жобалардың аналитикасы бір жерде, мессенджерлері екінші жерде, байланыс арналары басқа жақта жататын. Ал оларға бірнәрсе төлеу керек болса, әсіресе осы ресуртың жауапкершілігін, құқығы мен міндетін өткізерде адамға алты ресурс ашылып, адам олармен қалай жұмыс істеу керек екенін түсінбей қалатын Біз келген соң олар бүкіл өнімді басқара алатын болды, мысалы, push-хабарландыру жібереді.
Игорь: Бизнес тұрғысынан қарасақ, «маусымдық скипасты» немесе «жеңілдігі бар тарифтерді» қоспағанда, бұрын болмаған ниеттестік бағдарламасы қосылды. Көбірек ақша жұмсайтын немесе жиі сатып алатын қолданушыларды қуанту үшін геймификацияны қостық: мысалы, «3 рет сырғана да, бонус ал». Сонымен қатар, сол Oi Qaragai-да икемді ниеттестік жүйесі қосылған конфигурация бар. Онда кешбэк пайызы қолданушының мәртебесіне қарай артып отырады. Демек, біз сатып алу циклін қызық әрі ыңғайлы етіп жасадық. Бұл адамдарды курортта көбірек ақша жұмсауға жетелейді.
Осы тұрғыдан алғанда тағы бір үлкен мәселе туды. Сергей жаңа push-хабарландыру туралы айтты ғой. Тау шаңғысы курорттарына баратындар көп, бірақ адамдардың 95%-ы ол жерге қайта бармайды. Курорт бұл адамдардың кім екенін, олардың туған күні қашан екенін және туған күнін біліп алса да сосын не істеу қажет екенін білмейді. Курорт адамдарға мынадай қарапайым хабарлама да жібере алмайды: «Сәлем! Бізге келмегеніңе көп болды ғой. Жеңілдікпен бірнәрсе сатып алсаңшы. Бізге тағы да келсеңші». Демек, ұйықтап жатқан қолданушылармен байланыстыратын, оларды қайтаратын құралдар жоқ еді.
Курорт смартфонның ішінде тұр!
— Бұл проблемаларды сіздердің стартабыңыз қалай шешеді?
Игорь: Біз курорттарға клиентті қайтарып алып, ұстап тұру үшін құралдар береміз. Сырғанау маусымы емес кезде сатылымды арттыруға көмектесеміз.
Ал қонақтар өзекті ақпаратты да, смартфон арқылы барлық қызметті де ала алады. Қонақтардан келген кері байланыс арқылы қызмет көрсету сапасы үнемі жақсарып отырады.
— Қазір стартабыңыз қай кезеңге жетті?
Сергей: Біз қазір product-market fit сатысында тұрмыз. Қазірдің өзінде тау шаңғысы курорттарына арналған сатылымдар мен клиенттер тәжірибесін басқару жүйесі бар. Бірақ біз азаматтары үшін де, көршілес елдер тұрғындары үшін де халықаралық туризмді ұйымдастыру үшін біртұтас курорттар желісін құруға ұмтылып жатырмыз. Қазір Oi Qaragai курортымен шетелдік туристерге арналған тур жасап сату бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жаңа айтқанымдай, бәрімен қатар Resortix One агрегаторы бойынша да жұмыс істеп жүрміз. Оған қоса қолданба ішінде ЖИ-кеңесші қосу жұмысымен айналысып жатырмыз. Мысалы, сіз ештеңе білмейсіз делік, қалай сырғанау керек екенін, не істеу керек екенін түсінбейсіз. Мұндайда тілдік үлгідегі кеңесші барлық сұрағыңызды қабылдап, оларды жаңа дерекқорға аударады. Содан кейін агент сізге бәрін түсіндіреді.
Бәсекелестерді басып озу
— Бәсекелестеріңізден айырмаңыз қандай?
Никита: Біз аз уақыт ішінде курорттағы барлық қызметті онлайн сатуды іске қоса аламыз. Бұл өте маңызды, өйткені қажеттік нақтыланатын маусым басында бизнесте қате жіберуге болмайды әрі ұзақ, өз бетіңше дамуға уақыт та жоқ. Пилот ретінде іске қосақанда біздің шешіміміз қораптағы вендор ұсынатын осыған ұқсайтын өнімдерге қарағанда әлдеқайда жоғары конверсия жылдамдығы бар екенін көрсетті.
— Сіздерге қандай инвестиция керек?
Игорь: Жеделдету кезінде $ 500 000 қарастырдық, бірақ содан бері екі ай өтті. Орындалған тапсырмаларды ескере отырып инвестиция көлемін әлі жаңартқан жоқпыз. Инвестиция бізге SaaS нұсқасына тезірек жетуге және сыртқы нарықтарға сенімді түрде шығуға мүмкіндік береді. Оған қоса қызметтерін сатуға мүдделі тау-шаңғы курорттары серіктестері мен турагенттері үшін шешім шығаруға көмектеседі.
— Масштабты кеңейтуді ойлап жүрсіздер ме? Қай нарыққа шықпақсыздар?
Никита: Курорт серіктестері үшін B2B есептік жазбасын әзірлеп жатырмыз. Бұл нарыққа тереңірек енуге және туристерге одан да көп ұсыныс жіберуге мүмкіндік береді.
Қазір Қазақстандағы, Ресейдегі, Өзбекстандағы, Әзербайжандағы курорттарда бармыз, Грузиядағы курорттармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақын арада Қырғызстан, Түркия және Еуропа нарығына шығуды жоспарлап отырмыз.
Миллиард долларға апаратын жол
— Халықаралық алпауыт компанияға айналуға мүмкіндік бар ма? Қалай ойлайсыз?
Игорь: Халықаралық алпауыт компанияға айналу мүмкіндігі жайлы ойлағанда, ондай компанияның құны $1 000 000 000 екенін түсіндім. Ал біздің бүкіл нарығымыз қазіргі уақытта $16 000 000 000 тұрады. Қалай болғанда да біз осындай құнға жететін жол іздеуге тырысамыз. Мүмкін басқа нарықтарға шығып, Сергей айтқан өніммен клиент аудиториясын кеңейтетін шығармыз. Бұл құн қазір сноуборд, шаңғы туризмі және тағы басқа қысқы белсенді демалыс түрлерін айтып жатқанымызда ғана осындай. Ал хайкинг, кемпинг, таудағы жазғы демалыс туралы айтсақ, онда нарық $30 000 000 000 болады. Барлық серфинг лагерін, виндсерфингті және басқа да жазғы белсенді демалысты қосамыз десек, әсер мен жаңа тәжірибелердің сатушысына айналып, 1 000 000 000 доллар тұратын құнға ұмтыламыз.
— Миллиард доллар сомасына жақсы дегенде қанша уақытта жеткілеріңіз келеді?
Игорь: Жақсы дегенде үш жылда жеткіміз келеді.
— Стартапты не үшін жасап жатсыздар?
Игорь: Адамдар белсенді демалысқа бұрынғыдан да қол жеткізе алуы үшін, ал мұндай демалыспен тынығатын адамдарға демалыс қолайлы болуы үшін жасап жатырмыз. Осы нәрсеге құмар адамдарды жақындату үшін, оларға мұны ыңғайлырақ етуге көмектесетін түрлі құрал беру деген керемет іс қой.
— Тау шаңғысы саласы болашақта қалай дамиды деп ойлайсыз?
Никита: Біз қалай дамыр екен деп ойламаймыз, қалай дамитынын білеміз. Сол даму векторы бойынша әрекет етіп жатырмыз. Барлық тау шаңғысы курорты бір-бірімен аудитория алмасу өте керемет екенін түсінеді. Міндетіміз – адам Куршевельге бір рет барып, кешбэк ретінде қомақты соманы алып, содан кейін оны қалаған жерде жұмсай алатындай халықаралық ниеттестік бағдарламасын жасау. Өнімді жасап жатып технология бөлек нәрсе де, оны тиімді пайдалану басқа нәрсе екенін түсініп келеміз. Басында тау шаңғысы курортына супер-құрал береміз де, сол құралымыз олардың бар мәселесін ә дегенде шешіп тастайды деп ойладық. Бірақ көп адам бәрін бұрынғыдай шешуге дағдыланған болып шықты. Бір жолы клиенттеріміздің бірінде арнайы ұсыныс болды. WhatsApp-та сату бөлімінен «Қалай сатып алуға болады?» деп сұраған едім, маған курортқа барып, кассадан билет сатып алуды ұсынды. Оның орнына сайттан төлем сілтемесін жібере салуға болар еді. Сондықтан біз транзакциялық монетизация үлгісімен тарихта қалармыз. Бұл арқылы клиенттердің аналитикасымен және осы нарықтағы барлық стейкхолдермен тұрақты жұмыс істеп, қызмет пен өнімді үнемі жақсартуға болады.
— Демек, осы қолданбаның арқасында курорттар цифрлана бастай ма?
Игорь: Дәл солай. Бұл тау шаңғысы курорттарына клиентті тиімдірек тартуға және маркетинг бюджетін оңтайландыру, нәтижелерді төлеу арқылы ақша табуға мүмкіндік береді.
Тиісінше, ұсынылатын контенттің сапасы, қызмет көрсету және қонақтар мен туристердің хабардарлығы артады.