Интернет-издание о бизнесе, стартапах и IT-технологиях

Популярные теги:
Главная страница / Читать / Новости / Қазақстанда әйел кәсіпкерлерге арналған алғашқы халықаралық She’s Next хакатонына тіркеу басталды

Қазақстанда әйел кәсіпкерлерге арналған алғашқы халықаралық She’s Next хакатонына тіркеу басталды

Қазақстанда әйел кәсіпкерлерге арналған алғашқы халықаралық She’s Next хакатонына тіркеу басталды

Цифрлық төлемдер индустриясының жаһандық көшбасшысы Visa компаниясы Reinvantage ұйымымен бірлесіп, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі әйелдерге арналған алғашқы She’s Next хакатонын іске қосты. Бұл бастамаға Қазақстан да кіреді. Visa компаниясының She’s Next, Empowered by Visa жаһандық бастамасы аясында ұйымдастырылып отырған хакатон әйел кәсіпкерлерге арнайы оқыту курсынан өтіп, 20-ға жуық шақырылған сарапшыдан тәлім алу, өз бизнесін танымал ету және жалпы жүлде қоры 20 000 АҚШ долларын құрайтын байқауға қатысу мүмкіндігін береді.

She’s Next хакатоны  бизнесте батыл ойлау, практикалық шешімдер мен инклюзивті инновацияларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Дәстүрлі хакатондардан айырмашылығы – бұл жерде бағдарламалау талап етілмейді, өйткені басты назар бизнесті дамыту стратегиясына және тиімді шешімдерді табуға аударылады. Қатысушы әйелдер қаржылық тұрақтылық, бизнесті трансформациялау, жаңа нарықтарға шығу, трендтерді болжау және кәсіпкерліктегі өзекті басқа да бағыттар бойынша тапсырмаларды орындайды.

Бағдарлама кезеңдері:

  • 30 маусым – 29 тамыз: қатысушыларды тіркеу
  • 3 – 12 қыркүйек: оқыту кезеңі
  • 16 қыркүйек: қатысуды растау және командалар құру
  • 18 қыркүйек – 1 қазан: хакатон

Барлық кезеңдер тек онлайн форматта және ағылшын тілінде өтеді.

Хакатонның финалы 3 қазанда өтетін ауқымды виртуалды іс-шарада болады.  Ол She’s Next қауымдастығы мен кең аудиторияға ашық форматта ұйымдастырылады. Бұл шарада табысты кәсіпкер әйелдер, бизнес-көшбасшылар мен Visa өкілдері бас қосып, тәжірибе алмасып, инновацияларды дамытуға әйелдердің қосқан үлесін атап өтеді.

Іс-шара барысында хакатон кезінде әзірленген бизнес-идеялардың таныстырылымы, жетекші спикерлердің баяндамалары, іскерлік викторина және мазмұнды пікірталастар өтеді.

Бағдарлама аясында қатысушыларға тәжірибелі бизнес мамандары өткізетін төрт вебинар қолжетімді болады. Бұл вебинарларда олар практикалық білімдерімен бөліседі. Хакатон аясында құрылған командалар кемінде үш менторлық сессия барысында бизнес негізін қалаушы әйелдерден, кеңесшілерден және инновация саласындағы сарапшылардан жеке бағыт-бағдар ала алады.

Сонымен қатар, барлық қатысушылар халықаралық іскерлік байланыстарын кеңейтіп, аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған пікірлес әйелдерден құралған She’s Next қауымдастығының цифрлық платформасына қосыла алады.

Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталады:

  • Бас жүлде — $10 000
  • Инновациялық көзқарасы үшін — $5 000
  • Ең үздік әлеуметтік әсер үшін — $5 000

Қаржылай қолдаудан бөлек, жеңімпаздарға сала көшбасшыларынан үш айлық тәлімгерлік, Visa және Reinvantage платформаларында кеңінен таныстырылу, болашақ іс-шараларға қатысу мүмкіндігі, She’s Next қауымдастығында үздіксіз насихат және бүкіл өңір бойынша БАҚ-та таратылатын ресми баспасөз хабарламасында аталып өту мүмкіндігі ұсынылады.

Visa» компаниясы әйелдердің көшбасшылығын және кәсіпкерлігін ұзақ жылдан бері қолдап келеді және әйелдердің инклюзивті экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айнала алатынына нық сенеді», — деді  Visa компаниясының Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ өңірлеріндегі аға вице-президенті және өңірлік менеджері Кристина Дорош. «She’s Next, Empowered by Visa» бастамасы біздің өңірде бес жылдан астам уақыттан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Ал She’s Next хакатонының іске қосылуы – әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы біздің миссиямыздағы жаңа маңызды қадам. Біз бұл жобаны Reinvantage компаниясымен бірге жүзеге асырып жатқанымызға қуаныштымыз. Біздің серіктестігіміз 2022 жылы әйелдер кәсіпкерлігіне арналған өңірлік зерттеуден басталып, бір жылдан кейін She’s Next қауымдастығының цифрлық платформасын іске қосуға себеп болды.She’s Next хакатоны – жай ғана байқау емес. Бұл – батыл идеялар мен сенімді көшбасшылыққа жол ашатын бастау алаңы. Бағдарлама жаңа таланттардың өздерін танытуына мүмкіндік беретініне зор үмітпен қараймын.

She’s Next хакатонына қатысу кәсіби жолының кез келген кезеңіндегі әйел кәсіпкерлер үшін ашық — өз ісін енді бастап жатқандардан бастап, табысты бизнес негізін қалаушыларға дейін. Тіркеуден жеке түрде де, команда құрамында да (5 адамға дейін) өтуге болады. Құрамында ер азаматтар өкілдері бар командаларға да рұқсат етіледі, бірақ команданың жетекшісі міндетті түрде әйел болуы тиіс.

Қайта пайымдау — бұл өзгерістер мен белгісіздікке жауап қана емес, бұл – болашақта сұранысқа ие болатын шешімдерді бүгіннен бастап жасауға мүмкіндік беретін ойлау тәсілі. She’s Next хакатоны жаңа буын әйел кәсіпкерлерінің бойында осындай ойлау қабілетін дамыту мақсатында құрылды. Бұл бағдарлама қатысушыларға тек практикалық құралдар ұсынып қана қоймай, айқын мақсатпен, икемділікпен және болашақты болжай алатын көзқараспен алға бастайтын сенімді де қалыптастырады. Бұл жай ғана кәсіпкерлік емес – бұл инклюзивті әрі тұрақты болашақ бизнесін қалыптастыруға қосылған нақты үлес, — деді Reinvantage компаниясының трансформация жөніндегі директоры Эндрю Вробель.

She’s Next хакатонына қатысу шарттары туралы толық ақпарат алу және тіркелу үшін сілтемесіне өтіңіз. Тіркеу 29 тамызға дейін ашық.

Поделиться статьей в соц. сетях

Share on telegram
Share on twitter
Share on facebook
Share on whatsapp

Теги статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *