Цифрлық даму министрлігі Tech Orda бағдарламасының жаңа легіне қатысу үшін жеке тұлғалардан өтінім қабылданып жатқанын хабарлайды.
Бағдарлама Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы барлық азаматына ІТ-мамандықтарды тегін игеру мүмкіндігін ұсынады. Әлеуетті студенттердің өтінімдерін қабылдау 31 шілдеге дейін astanahub.com платформасында жүргізіледі.
Astana Hub базасында ҚР ЦДИАӨМ бастамасы аясында іске асырылып жатқан Tech Orda бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы адами капиталдың дамуына бағытталған. Ол веб-бағдарлама әзірлеу, 3D-дизайн мен 3D AR/VR қосымшалар, бағдарламалық қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік пен IoT, жасанды интеллект пен алгоритмдері, мобильді қосымшалар жасауды қоса алғанда, Big Data және GameDev салалары секілді басым секторлардың барлық спектрін қамтиды.