Интернет-издание о бизнесе, стартапах и IT-технологиях

Популярные теги:
Главная страница / Мероприятия / Локальные мероприятия / Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next, Empowered by Visa бастамасының төртінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next, Empowered by Visa бастамасының төртінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next, Empowered by Visa бастамасының төртінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

16 және 17 қазанда Алматыда She’s Next, Empowered by Visa төртінші толқынының финалдық іс-шарасы – She’s Next Camp өтті. Жаһандық бастама әйелдер көшбасшылығын дамытуға және өз идеялары мен бизнестерін кеңейтуге дайын әйелдерді қолдауға бағытталған. Қазақстанда She’s Next бастамасын Visa компаниясы Halyk-пен серіктестікте жүзеге асырады.

Бизнес-жоспарлары бастаманың сараптама комиссиясы тарапынан үздік деп танылған төртінші толқынның 30 финалисті Алматыға жиналып, жетекші қазақстандық сарапшылардың білім беру дәрістеріне, топтық сессияларға және менторлық кеңестерге толы екікүндік She’s Next Camp-ке қатысты.

She’s Next Camp-тің екінші күні финалисттер Visa, Halyk Bank, бизнес-қоғамдастық және креативті индустрия өкілдерінен құралған сарапшылар қазылар алқасының алдында өз идеялары мен даму стратегияларын таныстырды. Питчтердің қорытындысы бойынша үш санатта жеті үздік жоба анықталды:

Қолданыстағы бизнес

Бірінші орынды Мадина Өскенбаева иеленіп, 5 000 000 теңге көлемінде грант алды. Оның жобасы – «Miya» отбасылық фермасы, онда ешкі өсіріліп, экологиялық таза шикізаттан итальяндық технология бойынша крафттық ірімшіктер өндіріледі. Ферма агротуризм бағытын дамытып, органикалық егіншілік бойынша балаларға арналған бағдарламалар өткізеді. Соңғы үш айда оның «Miya» отбасылық фермасы»  жобасына 1 000-нан астам қонақ келді.

Екінші орындаҰлжан Қошманова, ол 3 000 000 теңге грант алды. Оның жобасы – жаңа буындағы автономды жел-күн генераторы. Ол күн мен жел энергиясын біріктіріп, фермаларды, құрылыс алаңдарын, туризмді және шұғыл қызметтерді электрмен қамтамасыз етеді. Қазақстан үшін мобильді, экологиялық таза және климатқа бейімделген шешім.

Үшінші орынды Гүлназ Қадыр иеленіп, 2 000 000 теңге грант алды. Оның Qazoner Group жобасы ЮНЕСКО мұрасы – ОРТЕКЕ ұлттық ойынын жаңғыртуды ұсынады. Оның командасы инновациялық өнім жасайды: QR-код арқылы лақ-қуыршақты «жандандырып», домбырада ойнауды үйренуге болады.

Ісін жаңа бастаған бизнес

Бірінші орынды Кәмшат Жолдасбек иеленіп, 3 000 000 теңге грант алды. Ол Smart Biohumus – жасанды интеллектіні пайдалана отырып, органикалық тыңайтқыш өндіру бойынша инновациялық жобасын таныстырды. AI жүйесі мен IoT-сезбектер ылғалдылықты, температураны және pH деңгейін автоматты түрде бақылап, биогумустың тұрақты сапасын қамтамасыз етеді. Жоба органикалық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешеді және Қазақстанның ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырады.

Екінші орынды Диана Мурзағалиева иеленіп, 2 000 000 теңге грант алды. Ол сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған жасанды интеллект негізіндегі SpeakUp мобильді қосымшасын әзірледі. Ол баланың анық емес сөзін түсініктірек түрге айналдырып, дикцияны жақсартуға және сөзді түсінуге көмектеседі. Оқыту ойын және бала кезінде сөйлеу қабілеті кешеуілдеген автордың жеке тәжірибесіне негізделген практика арқылы өтеді.

Үшінші орындаАйым Мыңбай, ол 1 000 000 теңге грант алды. Оның SecureBala жобасы – бұл қазақстандық қыздар жасаған 4–17 жас аралығындағы балаларға арналған мобильді қосымша. Ол нақты және цифрлық әлемдегі қауіпсіздік ережелеріне: көшеде, ғаламторда, төтенше жағдайларда және құрылыс алаңдарының жанында үйретеді. Оқыту ойын түрінде және педагогтар мен психологтардың қатысуымен видео-подкасттар арқылы өтеді. Балалар белсенділігі үшін ішкі UNITs валютасын алып, оны сыйлықтарға айырбастайды, ал ата-аналар баланың үлгерімі мен геолокациясын көріп отырады.

IT-бизнес

Жеңімпаз Эльмира Бақтиярова Jetqor жобасымен атанды. Ол 1 500 000 теңге грантты және төлемдердің болашағын өзгертетін инновациялық шешімдер жасалатын Visa-ның Дубайдағы инновациялық орталығына саяхатты жеңіп алды. Оның Jetqor жобасы – фулфилментті автоматтандыруға және маркетплейстердегі тапсырыстарды басқаруға арналған IT-платформа. Оның командасы тапсырыстарды есепке алу және өңдеу, Kaspi, Wildberries, OZON және т.б. бірыңғай терезеде интеграциялау үшін WMS-жүйесін құрды. Сервис сатушылардың шығындарын азайтады және SaaS-моделі мен франшизалар арқылы масштабталады.

Easy Tap компаниясының арнайы жүлдесі – 1 000 000 теңге грантты Айсұлу Қалшабекова және оның IceCore.ai жобасы алды. Жоба клиенттерді қолдауға арналған AI-экожүйені білдіреді. Платформа әртүрлі арналардан келіп түскен өтініштерді біріктіреді, оларды талдайды және тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) есептейді. Біздің «AI-army» компанияларға шығындарды азайтуға көмектесе отырып, күнделікті сұраныстардың 80%-на дейін автоматтандырады. Airi AI-жаттықтырушысы менеджерлердің клиенттермен қарым-қатынас тиімділігін арттырады және компанияның клиенттер кетуінің алдын алу арқылы қанша қаражат үнемдейтінін көрсетеді.

Поделиться статьей в соц. сетях

Share on telegram
Share on twitter
Share on facebook
Share on whatsapp

Теги статьи

Оставайтесь на связи с ER10 Media! Вы можете найти нас в:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *