Интернет-издание о бизнесе, стартапах и IT-технологиях

Популярные теги:
Главная страница / Читать / Алматы қ. QazPost Demo Day Fintech 2024 іс-шарасы аяқталды

Алматы қ. QazPost Demo Day Fintech 2024 іс-шарасы аяқталды

Қазіргі кезде компанияның негізгі мақсаты – Қазақстандағы электрондық коммерция мен финтех нарығының қатысушыларына арналған маңызды инфрақұрылымдық серіктеске айналу. Бұл мақсатқа жету үшін Қазпоштада барлық қажетті құрал-саймандар бар.
Алматы қ. QazPost Demo Day Fintech 2024 іс-шарасы аяқталды

2024 жылғы 30 мамырда Алматы қ. SmArt Point ғимаратында «Қазпошта» АҚ ұйымдастырған QazPost Demo Day Fintech екінші презентациялық іс-шарасы өтті. Өткен жылы күзде өткен форум секілді биылғы іс-шара цифрлық технологиялар саласындағы мамандардың, сонымен қатар кең ауқымды аудиторияның назарына ілінді. Іс-шара барысында бірнеше перспективалық жобалар іске қосылатындығы туралы жарияланды.

Қазпошта екінші жыл қатарынан IT және digital индустриямен байланысты көптеген сұрақтарды, сонымен қатар Қазпоштаның жаңа жобаларының презентацияларын талқылауға арналған беделді алаңға айналған QazPost Demo Day Fintech ұйымдастырып келеді. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі Қазпошта трансформацияның күрделі үдерісінен өте отырып, логистикалық компанияға және заманауи трендтерге бағытталған және өзінің жеке трендтерін қалыптастыратын толық қаржылық институтқа айналып келеді.

Қазіргі кезде компанияның негізгі мақсаты – Қазақстандағы электрондық коммерция мен финтех нарығының қатысушыларына арналған маңызды инфрақұрылымдық серіктеске айналу. Бұл мақсатқа жету үшін Қазпоштада барлық қажетті құрал-саймандар бар.

Оның ішінде QazPost Demo Day 2024 шеңберінде Қазпошта өзінің инфрақұрылымының негізінде серіктестерге арналған цифрлық банкті құру бойынша жобаны, яғни ашық API – Bank-as-a-Service (BaaS) сервисінің презентациясын жасады. Дәл осы платформа QazPost пен қазақстандық ірі компаниялардың біреуімен коллаборациясын жүзеге асыру мақсатында пайдаланылады. Пошталық оператор инфрақұрылымының базасында серіктестің қосымшасында тікелей цифрлық банкті құру қарастырылған. Мұндай технологияның көмегімен жеке цифрлық банкті ашу бірнеше айда ашуға болады.
 
QazPost Demo Day Fintech 2024 қатысушылары Қазпошта инфрақұрылымының рөлі Қазақстандағы финтех-компаниялары үшін аса маңызды бола бастағандығын, Қазпошта ұсынатын шешімдер компаниялардың инновациялық шешімдерді ойлап табуға жұмсалуы ықтимал ресурстары мен уақытын үнемдеуге көмектесетіндігін, пошталық оператордың дайые инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігіне ие болғандығын атап өтті. Сонымен бірге QazPost цифрлық теңге эмитентінің агенті түрінде «Ұлттық төлем корпорациясы» (ҰТК) АҚ-ның ірі масштабты жобаларға белсенді түрде қатысады. Форумға қатысушылар осы жылдың 1 мамырында аяқталатын пилоттық жобаның қорытындыларымен танысуға мүмкіндік алды.

ҰТК-мен бірлесе отырып, картаны немесе шотты онлайн режимде ашу секілді қызметтерді ұсынуға арналған онлайн-онбординг іске қосылуға дайындалуда. Осы қызмет СДАО 2.0 технологиясының базасында жүзеге асырылатын болады, ал Қазпошта ҰТК ұсынған жаңартылған платформасында жаңа жобаны жүзеге асырған алғашқы ірі компанияға айналады.

Компания Demo Day іс-шарасында өзінің бөлшек клиенттеріне арнайы әзірлеген жаңа QazPost супер-қосымшасының презентациясын жасады. Енді қосымшада Қазпоштаның пошталық және қаржылық сервистер секілді қызметтер қолжетімді болады. Мысалы, қосымша арқылы сәлемдемелерін бақылау, курьерді шақыру, Keden атты кедендік ресімдеу қызметтерін, Keruen деп аталатын АҚШ пен Германиядан тауарларды жеткізу қызметін пайдалануға болады. Бұған қоса Қазпоштаның жаңа мобильді қосымшасының пайдаланушыларына компанияның карталары бойынша операциялардың барлық түрлері қолжетімді болады.

Біз екінші жыл қатарынан QazPost Demo Day Fintech өткізіп жатырмыз және мұндай формат ИТ-индустрия өкілдерінің және кең ауқымды аудиторияның назарына ілініп, қызығушылық танытқандығын байқадық. Digital-индустрия экономикамыздың басымды салаларының бірі болып табылады және Қазпошта секілді ірі және беделді компания digital-қызметтер нарығында аса маңызды өзгерістерді бастаған ұйымға айналуы қажет деп санаймыз. Мұның барлығы жақын арада Қазақстанда жаңа қызықты онлайн-сервистер мен IT-жобалар пайда болатындығын білдіреді

деді «Қазпошта» АҚ-ның басқарушы директоры Асем Болатжан.

Бүгінгі таңда Қазпошта түрлі күрделі финтех жобаларға қызмет көрсете алады. Мысалы, электрондық ақшаның эмитенті болу, цифрлық теңгені пайдалану, сонымен қатар жақын арада Binance криптобиржасымен серіктестіктің нәтижесінде Қазпошта инфрақұрылымы арқылы Binance әмиянын толтыру секілді қызметтер көрсетілетін болады. Binance Kazakhstan - «Астана» халықаралық қаржы орталығы аймағында цифрлық активтермен алмасу бойынша реттелетін платформа. Осыган орай QazPost Demo Day Fintech шеңберінде Қазпошта бөлімшелерінде кәсіпкерлерге қарыз беру мүмкіндігін ұсынатын KMF микроқаржылық ұйымымен келісімге қол қойылды.

Ұлттық оператордың барлық маңызды іc-шаралары секілді QazPost Demo Day Fintech 2024 қатысу мүмкіндігі ИТ-мамандарға, қаржы секторының, финтех және төлем ұйымдарының қатысушыларына ғана емес, барлық қатысуды қалаған азаматтарға берілді. QazPost Demo Day 2024 шамамен 150 адам офлайн режимде қатысса, QazPost ұйымдастырған онлайн-трансляция арқылы бірнеше жүздеген көрушілер презентацияларды көре алды.

Поделиться статьей в соц. сетях

Share on telegram
Share on twitter
Share on facebook
Share on whatsapp

Теги статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *