KazHackStan 2024 конференциясында жаһандық киберқауіпсіздік индексі таныстырылды. Айта кетейік, бұл рейтинг 194 елдің кибершабуылға дайындығын бағалайды. Осы жылы Қазақстан екінші орынға тұрақтап, бұған дейінгі көрсеткішін жаңартты. Яғни, мұны еліміздің киберқауіпсіздік саласындағы дамуы деп бағалауға әбден болады.
Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын Қазақстан 118-ші орында болған еді. Алайда соңғы 5 жылда мемлекеттік сектор және жеке компаниялардың бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде, еліміз өз позициясын 5 есеге жақсартып үлгерді. Бұл жетістік қауіпсіздік инфрақұрылымының өсуі мен қауіпсіз интернет кеңістігін құру бойынша белсенді күш-жігердің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, TSARKA (компьютерлік шабуылдарды талдау және әрекет ету орталығы) халықаралық серіктестер арасында бастаманы ілгерілетіп, осы рейтингті енгізу мен әзірлеуде басты рөл атқарды.
Сарапшы Фарид Нахлидың айтуынша, бұған TSARKA компаниясының қосқан үлесі орасан. Соның нәтижесінде Қазақстан заңнамалық және техникалық шараларды күшейту, киберқауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруда жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Айта кетейік, Global Cybersecurity Index елдерді бес негізгі бағыт бойынша бағалайды. Олар: заңнамалық шаралар, техникалық шаралар, ұйымдастырушылық шаралар, адам дамуы және ынтымақтастық.
2024 жылы индекстің баллдық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Яғни,1-деңгейден (киберқауіпсіздік бойынша көшбасшылар) 5-деңгейге дейін. Қазақстан бұл тұрғыда екінші деңгейге шықты.