Интернет-издание о бизнесе, стартапах и IT-технологиях

Популярные теги:
Главная страница / Мероприятия / Локальные мероприятия / Visa Сергей Мартынчукты вице-президент және өңірлік менеджер қызметіне тағайындады

Visa Сергей Мартынчукты вице-президент және өңірлік менеджер қызметіне тағайындады

visa

Visa (NYSE: V), цифрлық төлемдер саласындағы әлемдік көшбасшы, Сергей Мартынчуктың Украина, Молдова, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ өңірлері бойынша компанияның аға вице-президенті әрі өңірлік менеджері қызметіне тағайындалғанын хабарлады. Мартынчук Киев қаласында жұмыс істеп, 17 елдегі Visa компаниясының жалпы операциялық қызметіне және стратегиясының жүзеге асырылуына жетекшілік ететін болады.

Бұл қызметте Сергей Мартынчук Кристина Дороштың орнын басты. Кристина Дорош Visa компаниясының қосымша қызметтер (Value-Added Services) бағыты бойынша жаһандық жаңа қызметке ауысып, жуырда компанияның штаб-пәтері орналасқан Сан-Франциско қаласына (АҚШ) қоныс аударды.

Жаңа лауазымында Мартынчук қаржы институттарымен, сауда кәсіпорындарымен, технологиялық және мемлекеттік серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ өңірде цифрлық төлемдерді одан әрі дамытуға басымдық береді.

«Сергейді Visa компаниясы қатарында қарсы алғанымызға қуаныштымыз», – деді Тарек Махмуд (Tareq Muhmood), Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка өңірлері бойынша Visa компаниясының өңірлік президенті. – «Оның терең технологиялық сараптамасы, өңірлік деңгейдегі ауқымды басқарушылық тәжірибесі және әртүрлі бағыттағы командаларды тиімді басқару қабілеті біздің әлеуетімізді едәуір нығайтып, өңірдің 17 еліндегі клиенттер мен серіктестер үшін одан да жоғары құндылық қалыптастыруға мүмкіндік береді».

Сергей Мартынчуктың өңірде шамамен 20 жылдық басқарушылық тәжірибесі бар. Ол бұған дейін Cisco компаниясында бірқатар жоғары басқарушылық қызметтерді атқарған.

Ол технологиялық трансформациялар саласындағы терең сараптаманы стратегиялық бастамаларды табысты іске асыру және ұжымды тиімді басқару тәжірибесімен үйлестіре біледі. Мартынчук ірі ауқымды ұйымдарға жетекшілік етіп, бизнестің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге ықпал етті, сондай-ақ клиенттермен, серіктестермен және реттеуші органдармен ұзақ мерзімді әрі сенімді әріптестік қарым-қатынастарды қалыптастырды. Компьютерлік ғылымдар мен қаржы салалары бойынша академиялық білімі бар.

«Visa компаниясына қосылып, төлем индустриясы дамуының шешуші кезеңінде бірқатар маңызды нарықтарды біріктіретін өңірді басқару – мен үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті Сергей Мартынчук, Visa компаниясының Украина, Молдова, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ өңірлері бойынша аға вице-президенті әрі өңірлік менеджері. «Біз ұжымымызбен және серіктестерімізбен бірге тұтынушылар мен бизнес үшін цифрлық төлемдерді одан әрі дамытуды жалғастырып, ақша аудару шешімдерін кеңейтеміз, сондай-ақ технологияларды, жоғары қауіпсіздік стандарттарын және нарық қажеттіліктерін терең түсінуді біріктіретін қосымша сервистер арқылы клиенттеріміздің өсімін қолдаймыз».

Казахстанда Visa 30 жылдан астам уақыт бойы банктермен, сауда кәсіпорындарымен және мемлекеттік мекемелермен заманауи, қауіпсіз әрі инклюзивті цифрлық төлемдер экожүйесін дамыту бағытында табысты ынтымақтастық орнатып келеді. Осы серіктестіктердің арқасында Visa токенизация, биометриялық төлемдер және электрондық коммерция салаларында инновацияларды енгізуді жалғастыруда.

Поделиться статьей в соц. сетях

Share on telegram
Share on twitter
Share on facebook
Share on whatsapp

Теги статьи

Оставайтесь на связи с ER10 Media! Вы можете найти нас в:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *