QazPost Demo Day Fintech 2024 шеңберінде QazPost инфрақұрылымының базасында қазақстандық компаниялармен бірлесе отырып жасалынған жаңа финтех өнімдердің презентациясы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын форумы осы жылы Қазпошта базасында танымал қазақстандық қаржылық компаниялармен бірлесе отырып, жаңа финтех жобалардың пайда болуымен байланысты болды. Пошталық оператор инфрақұрылымының негізінде цифрлық брокер мен цифрлық банкті құру қарастырылған.
Оның ішінде QazPost пен қазақстандық жетекші компаниялардың бірі болып табылатын Airba Fintech IT-компаниясы арасындағы біріктірілген байланыс арнасының көмегімен qazpost.kz қосымшасының пайдаланушылары енді оператордың супер-қосымшасында тауарларды бөліп төлеуге ресімдеу немесе ақшалай кредит алу мүмкіндігіне ие болады. Кредиттеуді Airba компаниясында тауарлық кредиттеу және қолма-қол кредиттеу бойынша интеграциясы бар ағымдағы коммерциялық банктер мен МҚҰ арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазпоштаның тағы бір өзекті финтех жобаларының біріне көліктерді сатып алу, сату мен қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұсынатын Орталық Азияның көлік нарығындағы ірі ойыншысымен коллаборация жатады. Bank-as-a-Service (BaaS) қызметі мен ашық API арқылы Қазпошта өзінің барлық инфрақұрылымын серіктестің қосымшасында цифрлық банкті құруға мүмкіндік пайда болады. Соның нәтижесінде пайдаланушылар Қазпошта базасында төлем картасын тікелей көлік ритейлердің қосымшасында шығарып, оны ары қарай компаниямен өзара әрекеттесу кезінде пайдалана алады.
QazPost Demo Day Fintech 2024 қатысушылары бірнеше рет Қазпошта Қазақстандағы финтех компаниялардың маңызды инфрақұрылымдық серіктеске айналғандығын атап өтті. Open API, жаңа технологиялардың (СДАО 2.0), BaaS сервисі мен инновацияларға бағыттылықтың көмегімен Қазпошта өзінің серіктестеріне тиімді интернет-эквайрингті және жеке цифрлық банктік шешімдерді ұсынады. Бұл компанияларға финтех шешімдерді әзірлеу барысында Қазпоштаның дайын инфрақұрылымын пайдалану арқылы өздерінің ресурстарын және уақытын үнемдеуге көмектеседі. Сонымен бірге QazPost белсенді түрде цифрлық теңге эмитентінің агенті бола отырып, Ұлттық төлем корпорациясының ірі масштабты жобаларына белсенді түрде қатысады.
Алайда Қазпошта бұрынғыдай өзінің бөлшек клиенттеріне назар аударуды жалғастырып келеді. Оларға арналған QazPost супер-қосымшасының презентациясы өтті. Алдыңғы нұсқаларға қарағанда, қосымшада пайдаланушыларға бір мезгілде Қазпоштаның пошталық және қаржылық сервистері қолжетімді болады. Мәселен, енді қосымшада сәлемдемелерді бақылауға, курьерді шақыруға, кедендік ресімдеу қызметтерін пайдалануға, сонымен қатар АҚШ, Германия және Қытай секілді мемлекеттерден тауарлардың жеткізілімін ұйымдастыруға болады. Бұған қоса Қазпоштаның жаңа мобильді қосымшасының пайдаланушыларына компанияның төлем карталары бойынша операциялардың барлық түрлері, оның ішінде цифрлық карталарды онлайн режимде шығару қолжетімді.
Қазпоштаның бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты болып финтех сервистердің жұмысын жеңілтетуге және қазақстандықтардың өмірін жайлы етуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымды пайдалану саналады. Мысалы, BTS Digital-мен бірлесе отырып, пошталық оператор әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін жаңа төлем құрал-сайманын іске қосуды талқылауда. Бұған қоса QazPost Demo Day Fintech 2024 шеңберінде Қазпошта қаржы нарығының бірқатар қатысушыларымен бірлесе отырып, келісімге және серіктестік туралы меморандумдарға қол қойды. Әдеттегідей Demo Day форумын барлық қалаушы адамдар онлайн режимде көре алды. Осылайша QazPost және оның серіктестерінің барлық презентацияларын әлемнің кез келген нүктесінен көруге болады. Іс-шараның серіктестерінің қатарында Freedom Pay, Airba Fintech және Digital Sales бар.