Интернет-издание о бизнесе, стартапах и IT-технологиях

Популярные теги:
Главная страница / Читать / Жүлде қоры 150 000$ құрайтын ауқымды стартап сайысы

Жүлде қоры 150 000$ құрайтын ауқымды стартап сайысы

2024 жыл 1-3 ақпан аралығы Алматы қаласында Digital Almaty-2024: «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы өтеді
Жүлде қоры 150 000$ құрайтын ауқымды стартап сайысы

2024 жыл 1-3 ақпан аралығы Алматы қаласында Digital Almaty-2024: «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы өтеді. Биыл алтыншы рет өткелі жатқан форум ШЫҰ мен ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлерін, әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлерді біріктірмек. 3 ақпан күні форумда жалпы жүлде қоры 150 000 $-ды құрайтын «Industry 4.0 Startup Battle» үздік өнеркәсіптік стартапты анықтайтын ауқымды сайыс жоспарланған. Сондай-ақ, финалистер шара серіктестерінен бонус-сыйлықтар алады.

Еске сала кетейік, Industry 4.0 Startup Battle алғаш рет 2023 жылы өтті. Бұл өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болған инновациялық жобалар үшін нағыз сынақ болды. Және де барлық жобаларға Tech Garden тарапынан Fast Track ұсынылды.

Жалпы, стартаперлерден 59 өтінім қаралды. Нәтижесінде $22,000 жүлде қорын Isida Electronics (I орын - $10,000), SmartView (II орын - $7000) және AgriMo (III орын - $5000) қатысушылары иеленді.
Биыл стартаптар Digital Oil Field, ESG, Smart Mining бағыттары бойынша жарысады.
Алдағы сайыста Tech Garden жалпы жүлде қорын көбейтіп қана қоймай, сонымен қатар әрбір стартап жобаға серіктестерден қосымша сыйақы алуға, өз бастамаларын өнеркәсіп кәсіпорындарында өткізуге және құнды тәжірибе мен нақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар баттлға дайындықтың әр кезеңінде қатысушыларды қолдайды және бірлесіп жұлдызды pitch-deck жасайды.

Өтінімдерді қабылдау 3-24 қаңтар аралығы battle.almatydigital.kz сайтында өтеді. Бастапқы іріктеуден соң 27 қаңтарға Most Hub алаңында жартылай финал жоспарланған, онда ұйымдастырушылар 4.0 индустриясындағы 30 үздік стартапты таңдайды. Финалистер өз өнімдерін 3 ақпанда “Digital Almaty-2024” форумы аясында таныстырады.
Сайыс мақсаты - өнеркәсіпті цифрландыру саласындағы инновациялық стартаптарды қолдау. “Industry 4.0 Startup Battle” ұтымды идеялар мен шешімдердің, технологиялық инновациялардың шыңы болмақ.

Іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, "Tech Garden инновациялық технологиялар паркі” автономды кластерлік қоры, Most Ventures, "ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ, GVA Alatau, “САЦ ОЭК" АҚ, "Сколково" VK Cloud инновациялық орталығы, Yandex Cloud, "Iteca" ЖШС қазақстандық көрме компаниясы, "KAZPETROL GROUP" ЖШС, Теңізшевройл, "KAZ Minerals Management" ЖШС, "XFinity Solutions" ЖШС-нің қолдауымен өтпек.

БАҚ-ты аккредиттеу: 20.01.2024 ж. дейін, + 77077090052 нөмірі бойынша (Айым Нүсіп).

Поделиться статьей в соц. сетях

Share on telegram
Share on twitter
Share on facebook
Share on whatsapp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *