Бүгінде Қазақстанда 200 мыңнан астам сауда нүктесі жұмыс істейді. Оның ішінде шағын азық-түлік дүкендері, дәріханалар, сұлулық салондары және басқа да нысандар бар. Олар ұрлық, бұзақылық, тіпті тонау жағдайларына жиі тап болады. Алайда кәсіпкерлердің барлығында өзін қорғауға мүмкіндік жоқ. Сенімді күзет жүйесін бейнебақылаумен бірге орнатуға көбінің қаржысы жете бермейді.
Өйткені мұндай жүйені ұйымдастыру үшін жобаны әзірлейтін, оны қабырғаға орнатып, кабельдерді жалғап, камераларды қосатын мамандар мен жұмысшылар қажет. Одан кейін бүкіл жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсініп алу керек. Оның үстіне кәдімгі камералар кез келген нәрсеге: көліктерге, жануарларға немесе жел тербеткен бұтақтарға да жауап береді. Соның салдарынан адамдар тоқтаусыз келетін хабарламадан шаршап, оларды өшіріп тастайды. Бұл қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін төмендетеді.
Алайда бүгінде жағдай өзгеріп келеді. Күрделі инженерлік жүйелердің орнын оңай пайдалануға болатын шешімдер басып жатыр. Оны жаңа смартфонды іске қосқандай, ашып қолдана бересіз. Осындай тәсілдің жарқын мысалы – Dahua WITHs сымсыз камералар желісі. Ол бейнебақылауды жай ғана видео жазып алудан әлдеқайда жоғары деңгейге шығарып, қауіпсіздікті бәріне қолжетімді етеді.
Қарапайым. Ақылды. Қауіпсіз.
Dahua WITHs ескі камераларға тән барлық күрделіліктен бас тартуды ұсынады. Енді қауіпсіздік қарапайым, «ақылды» және бұрынғыдан да қауіпсіз болуы керек.
Ең әуелі, бұл жүйе арқылы қабырғаны тесіп, кабель жалғап, күрделі бағдарламаны түсінуді ұмытуыңызға болады. Dahua WITHs камералары Wi-Fi немесе 4G арқылы жұмыс істейді. Ал барлық баптау мен басқару түсінікті мобильді қолданба арқылы жүзеге асырылады.
Шағын нысанға бірнеше камера мен смартфонның өзі жеткілікті. Ал бизнес кеңейіп жатса, осы камералардың өзін бір орталықтандырылған желіге оңай біріктіре аласыз.
Сонымен қатар камералар бөгде адамдардың бейнеағынға рұқсатсыз кіруіне жол бермейтін заманауи шифрлау хаттамасымен жабдықталған. Оған қоса бір ғана батырманы басып, құпия режимді де қосуға болады. Егер пайдаланушы бақылауды уақытша тоқтатқысы келсе, арнайы жапқыш объективті жауып қояды.

Камералар – нағыз интеллектуалдар
WITHs сериясының басты ерекшелігі – жасанды интеллект енгізілгені. Сонда ақылды камералар не істей алады?
Анализ. Камералар видеоны жай ғана жазып қоймай, айналада болып жатқан жағдайды нақты уақыт режимінде талдай алады. Олар адамдарды, көліктерді және үй жануарларын бір-бірінен ажырата алады. Енді қызметкер қоймаға кіргенде немесе ауладағы ағаштар желден тербелгенде, қажетсіз спам-хабарламалар келмейді. Ал күдікті жағдай бола қалса, жүйе міндетті түрде сізге хабар береді.
Ақылды трекинг. Автоматты бақылау функциялары камераға нысанды назардан шығармай, оның қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Интерактивтік. Бетті және ым-ишараны тану функциялары, екіжақты аудиобайланыс объективтің арғы жағындағы адамдарды жай ғана бақылап қоймай, олармен сөйлесуге мүмкіндік береді.
Сапалы сурет. Үш метр қашықтағы адамның кім екенін анықтау мүмкін болмайтын сапасы төмен видеоны ұмытыңыз. WizColor технологиясы тіпті қараңғыда да анық, түрлі-түсті видео түсіруге мүмкіндік береді.
Энергия тиімділігі. AOV (Always-On Video) үнемді жазу режимі мен интеллектуалды режимдер жад картасындағы орынды және аккумулятор қуатын үнемдеп, маңызды сәттер өшіп кетпеуін қамтамасыз етеді.
Осының нәтижесінде Dahua WITHs жүйесінің бір ғана модулі тұтас қауіпсіздік жүйесін алмастыра алады. Кәдімгі камера құқық бұзушылық фактісін ғана тіркейді, бірақ ештеңе істей алмайды. Ал WITHs модельдері тіпті қылмыстың алдын алуға қабілетті. Нысанда болмауға тиіс бөгде адамдар анықталса камера қатты сиренаны қосып, қызыл-көк жарық сигналын береді. Бұл бұзақыларды үлкен ықтималдықпен қорқытып, нысаннан кетуге мәжбүр етуі мүмкін.
Әр камераның өз нысаны болады
WITHs желісінде кез келген нысанға арналған шешімдер бар.
Үй-жайлар үшін 360°-қа дейінгі шолу бұрышы, Wi-Fi 6, құпиялық функциясы және адамдар мен үй жануарларын ақылды түрде анықтау мүмкіндігі бар Hero, Cube және Turret ықшам камералары қолайлы.
Ауа райының кез келген жағдайына төтеп бере алатын Apollo, Picoo және Bullet модельдері аяз бен жаңбырдан қорғалған. Олар WizColor түсті түнгі түсіру функциясымен, жарық сигнализациясымен және қосарлы жарықтандырумен жабдықталған.
Интернет пен электр қуаты жоқ шалғай нысандар үшін Apollo және Picoo желісіндегі арнайы құрылғылар қарастырылған. Олар SIM-картаға арналған слоттары бар 4G-модульдермен, кіріктірілген күн панелімен және аккумулятормен жабдықталған. Бұл құрылғылар құрылыс алаңдары, қоймалар, фермалар мен саяжай учаскелері үшін өте қолайлы.
Ақылды қауіпсіздік
Dahua WITHs бейнебақылау күзетін күрделі инженерлік жүйеден қарапайым пайдаланушы да қолдана алатын ыңғайлы әрі сенімді құралға айналдырады. Бұл дегеніміз – арнайы білімі жоқ кез келген адам бір күнде өз кәсібіне қауіпсіз жағдай жасап, мүлкінің жақсы сақталуын қамтамасыз ете алады деген сөз.
Жаңа технологиялар өмірді қалай өзгерте алатыны таңғалдырады. Бұрын көп шығындалуына байланысты қауіпсіздік жүйесін ірі компаниялар ғана ұйымдастыра алса, бүгінде мұндай мүмкіндік қарапайым кәсіпкерлер үшін де қолжетімді. Инновацияның мәні де осында – бір кездері қымбат әрі қолайсыз болған нәрсе қарапайым, қолжетімді және «ақылды» жүйеге айналады.




